"Полициядан қару ұрлаған": Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Алматыда ішкі істер министрлігі аса ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8 мамырда полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар. Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қару қолданылған бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар.
Оқыңыз21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді.
Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше бірлік атыс және травматикалық қару, оның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Қару қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы полиция департаментінен ұрланған.
“Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқыққа қарсы әрекеттердің қосымша эпизодтарын және өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жалғасып жатыр. ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және жасалған қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады