Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел қайтыс болған күйеу жігітінен үш жылдан кейін бала сүйді

Кейси Лайонс сүйіктісімен
Фото: dailymail.com

АҚШ-тың Флорида штатында суррогат ана 29 жастағы Кейси Лайонсқа оның марқұм күйеу жігітінен бала туып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Daily Mail-ға сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы 22 ақпанда Кейсидің сүйіктісі, 24 жастағы Дилан Лайонс жұмыс кезінде қаза тапқан. Ол тележурналист болған және сол күні кісі өлтіру оқиғасы туралы сюжет түсіріп жүрген. Кенет қылмыскер оқиға орнына қайта оралып, оны өлімші етіп жаралаған.

Бұл қайғылы жағдайдан кейін Кейси марқұмнан ұрық алу қызметіне жүгінуді шешкен. Оның айтуынша, екеуі әрдайым балалы болуды армандаған. Үш айдан кейін әйел суррогат ана тауып, жұмыртқа жасушасын алу бойынша бес процедурадан өткен. Екі сәтсіз эмбрион көшіруден кейін 2025 жылдың шілдесінде суррогат ана жүкті болған.

 19 наурызда дүниеге ұл бала келді. Оған әкесінің құрметіне Дилан деген есім берілген. Қазір Кейси сәбиімен және марқұм күйеу жігітінің ата-анасымен бірге тұрады. Оның сөзінше, олар оған үлкен қолдау көрсетіп келеді.

“Мен өмір сүруді таңдадым, өйткені Дилан енді өмір сүре алмайды. Мен ол үшін өмір сүргім келеді”, – деді Кейси.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 14 Мамыр, 2026 09:05