Қазақстандық спортшы шетелдіктердің назарын аударып, аниме кейіпкеріне айналды

Өскемендік 18 жастағы биіктікке секіруші Жасмин Бегалинова жапон анимациясының кейіпкеріне айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық жанкүйерлер қазақстандық спортшыға спорттық аниме стиліндегі қысқа бейнеролик арнады, ол қазірдің өзінде жарты миллионнан астам қаралым жинады. Осыдан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер оған Олимпиада алтынын тілей бастады.
Желі қолданушылары Қазақстан чемпионатынан оның фотосын жариялаған соң, қыздың танымалдығы артты. Желідегілер оның сұлулығына тәнті болғандарын жаза бастады. Спортшының айтуынша, шетелдік көрермен назарының артуы туризмге оң әсер еткен.
"Мен бұл мәлімдемені көргенде таңғалдым. Бірақ, бір жағынан, бұл бізге туристер әкелгеніне өте қуаныштымын. Көпшілік байқағандай, көп шетелдіктер Қазақстанға келгісі келе бастады. Мен еліміздің дамып келе жатқанына және оған қандай да бір жолмен үлес қосып жатқаныма өте қуаныштымын", – деді Жасмин Бегалинова.
Танымалдығының күрт артуына және жетекші модельдік агенттіктердің көп ұсыныстарына қарамастан, 18 жастағы қазақстандық мансабын өзгертуді жоспарлап отырған жоқ. Ол кәсіби спорттық мансабын жалғастыруға бел буып отыр. Ал оның басты арманы – Олимпиада ойындарына қатысу.