Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да бір топ адам салықтан жалтару үшін өтірік шот-фактуралар жасап, қолма-қол ақшаға айналдырған

жалған шот-фактура
Фото: Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Усть-Каменогорск инерт" ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекетін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу амалдарына сай, 2023 жылдың маусым-қыркүйек аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындамай, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.

Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған.

Аталған заңсыз схемаға мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысты. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажет жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.

Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі – 356 миллион теңге. Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 миллион теңгеден астам ірі залал келтірілген. Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Алайда Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Мамыр, 2026 09:18