Өскеменде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз кезекшілік кезінде белгісіз жаққа кетіп қалған: Оған іздеу жарияланды

Өскеменде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз іздестіріліп жатыр. Ол кезекшілік кезінде әскери бөлім аумағынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі HALYQSTAN Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің мәліметінше, 2004 жылы туған мерзімді әскери қызметші Мархан Айқын Ерланұлы 23 шілде күні сағат шамамен 06:30-да Өскемен қаласында орналасқан №27943 әскери бөлімнің қару-жарақ және оқ-дәрі қоймасында тәуліктік кезекшілікте болған.
Ол қызмет орнын өз еркімен тастап, қойма аумағынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Қазір әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар Қазақстан тұрғындарынан оның орналасқан жерін анықтауға көмектесуді сұрайды. Нақты ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы берілетіні айтылды.
Белгілері: бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі орташа, көзі қара, шашы қысқа әрі қара түсті. Бетінде меңдері бар. Болжам бойынша, әскери дала формасында болға. Алайда азаматтық киімге ауысып кетуі мүмкін.
Әскери қызметкердің орналасқан жері туралы ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауға болады:
8 (7232) 62-34-15, 8 705 508 39 39, 8 775 553 53 35.
Хабарласқан азаматтардың құпиялылығы сақталатыны кепілдендірілген.
Оқыңыз