Қазақстанда қызметкерлерге жұмыс уақытында скринингтен өтіп, жалақысын сақтауға мүмкіндік берілмек

Сенат Қазақстандағы жұмыс берушілерді қызметкерлерге скринингтен өту үшін уақыт беруге міндеттейтін жаңа норманы мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайдың мәліметінше, енді жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтік тексерулерден өту үшін арнайы уақыт ұсынуға міндеттеледі.
“Өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастары тараптарының өзара іс-қимылы күшейтіледі. Әлеуметтік әріптестік аясындағы келісімдердің орындалуы жөніндегі есептерді тыңдау міндеті енгізіледі. Медициналық ұйымдар цифрлық технологиялар арқылы жұмыс берушілерге қызметкерлердің скринингтік тексерулерден өту керегі туралы хабарлап отырады”, – деді Максим Споткай.
ОқыңызСонымен қатар жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтен өту үшін жұмыс орнын және орташа жалақысын сақтап, арнайы уақыт беруге міндеттеледі. Оның айтуынша, мұндай демалысты бермеген жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады.
“Қызметкерлердің құқығы еңбек саласындағы жеке өмірді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті құрметтеу нормаларымен толықтырылады. Жұмыс берушілерге еңбек жағдайының қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына сай болуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Сонымен қатар кәсіпорындардағы ішкі бақылау аясында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құқығы кеңейтіледі”, – деді Максим Споткай.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекет кәсіпкерлерді жалақыны көтеруге шақыра ала ма деген сұраққа жауап бергені туралы жазған едік.
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады