Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бибісара Асаубаева өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаровпен тағы да көзге түсті

Бибісара Асаубаева мен Жавохир Синдаров
Фото: instagram.com/bibisarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзбек шахматшысы Жавохир Синдаровпен бірге видео жариялап, оқырмандарын елең еткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Кадрлардан олардың Румыния астанасы Бухарест қаласында екенін байқауға болады.

Биыл өзбекстандық Жавохир Синдаров Grand Chess Tour 2026 сериясына алғаш рет шақырту алған. Оның келесі кезеңі 12 мамырда Румынияда басталады. Турнирде Фабиано Каруана, Аниш Гири, Алиреза Фирузджа, Уэсли Со секілді әлемге танымал шахматшылар бақ сынайды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 475 мың доллар.

Спортшылардың оқырмандары Бибісара Асаубаева Бухарестке Синдаровты қолдау үшін барды деп болжады. Көптеген оқырман олардың бірге көрінуін және шахматтан тыс қарым-қатынасына қатысты болжамдарды белсенді түрде талқылап жатыр.

“Чемпионат, кубок немесе марапат туралы көп ойламаңыздар. Ең алдымен өзіңізді, жастық шағыңызды және бақытты өміріңізді ойлаңыздар. Сіздер ең жақсысына лайықсыздар. Қалғанының бәрі өз ретімен келеді”, “Тәттісіздер”, “Ең керемет жұп”, “Сүйкімдісіздер”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік он шахматшының қатарына енгені хабарланған еді.

Stan.kz
Сәрсенбі, 13 Мамыр, 2026 18:40