Түркия президенті Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия президентінің бортына Қазақстанның әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.
Түркия президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.
Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Режеп Тайып Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына "Ata yurda hoş geldiniz!" – "Атажұртқа қош келдіңіз!" деп екі тілде қошемет көрсетті.
Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға жұбайымен бірге келді.
Түркия президентін әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Шетелдік мейманды күтіп алған қазақстандық делегация құрамында президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр мен сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев та бар.
Әуежай аспанында Қазақстан мен Түркияның тулары ілінген тікұшақтар ұшып өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Ердоған Тоқаевтың шақыруымен Астанаға келетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады