Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

Фото: gov.kz

Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымның мәліметінше, Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Алдағы күндері тергеу соты оған бұлтартпау шарасын анықтайды.

Сонымен қатар облыстық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Әлішер Нұршаев пен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Қалиевке қатысты да бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі тексеріс нәтижесінде Атырау облысы полициясының төрт басшысы бірден қызметінен шеттетілгенін растады. Министрліктің ресми нұсқасына сәйкес, бұл жағдай "қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылаудың және жұмысты ұйымдастырудың болмауы" деп түсіндірілді.

Алайда БАҚ-та тексерудің қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдеме ретінде тіркелген есірткі заттарына қатысты іс бойынша жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Еске салсақ, бұған дейін ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілген еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 15 Сәуір, 2026 22:14