Тоқаев: Орыс тілін қолдануға шек қоюға болмайды
Тоқаев қоғамдағы қазақ тілі мен орыс тілінің мәртебесі туралы айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Орыс тілі – ресми тіл деген мәртебесі бар. Конституцияға сәйкес, орыс тілін қолдануға қарсылық қоюға болмайды”, – дейді президент.
Тоқаев мемлекеттік тілдің қолдану аясы жайлы пікірін алға тартты.
“Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңеюде. Бұл – заңды құбылыс, өмірдің басты тенденциясы”, – деп атап өтті ел басшысы.
Айтуынша, қазақ тілінің қолдану аясы шектеулі деп айтуға негіз жоқ.
Сондай-ақ президент әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс екенін айтты.
“Бұл патриоттықтың басты белгісі. Біздің жастар басқа тілді жетік меңгерсе, соның ішінде орыс тілін білсе, артық болмаса, кем болмайды”, – деп атап өтті ол.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"