"Бұл алаңдатарлық мәселе": Тоқаев облыс әкімдерінің ұсталуына байланысты сөз қозғады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа күдікті шенеуніктердің ұсталуы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесте сөз қозғаған.
"Сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұр. Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан. Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң бұзушылықтары үшін ұсталып жатқаны туралы оқитын болдық. Олардың арасында облыстың 2 әкімі бар, бұл өте алаңдатарлық мәселе", - деп түсіндірді Тоқаев.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы елімізде сыбайлас жемқорлық фактілерінің өсіп келе жатқанын айтты. Бұл алаңдатарлық мәселе екенін жеткізді ол.
"Тек 2020 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 912 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға жоғары", - дейді Тоқаев.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресушілерді баяу және профилактикалық жұмыстардың жоқтығы үшін сынға алды.
"Олар медицина саласындағы сыбайлас жемқорлықты пандемия кезеңінде дәрі жетіспеушілігінен кейін тексеріп, жариялай бастады. Олар осы саланы цифрландырудағы бұзушылықтар туралы, ондаған миллиард теңге жұмсалған кезде ғана айта бастады. Адамдарға миллиардтаған доллар ұрланған кезде ұстау туралы әдемі хабарламалар қажет емес. Әр нәрсе дер кезінде жасалуы керек",- дейді Тоқаев.
Оның айтуынша, қоғамдық бақылаудың жаңа формалары және басқарудың барынша ашық болуы қажет.