Тоқаев: Мақтааралда зардап шеккендердің ауыз су мәселесі Өзбекстанмен бірге шешіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында зардап шекеннедердің ауыз су мәселесі Өзбекстанмен бірігіп шешілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президент Twitter парақшасында жазыты.
"Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады", - дейді Тоқаев.
Бұған қоса ол үйлері суға кеткендерге материалдық көмек тағайындалатынын айтып кетті.
"Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда", - деп жазады Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан президенті қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге