"Бар жауапкершілік сізде": Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыста болған төтенше жағдай үшін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Сурет: Тимур Батыршин
Мемлекет басшысы ведомство тарапынан бақылаудың әлсіз болғанын айтты.
«Қорғаныс ведомствосындағы істер үшін бар жауапкершілік сізде. Бұдан басқаша болуы мүмкін емес. Болған жағдайдың салдары өте ауыр. Бұл туралы, тіпті, сөз қозғаудың қажеті жоқ. Бар күшті ликвидацияға жұмсадық. Басқаша айтқанда, қаланың көп бөлігін бомбаладық», - деді президент.
Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі, 24 маусым күні, Түркістан облысы, Арыс қаласында ірі жарылыс орын алды. Әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыстың себеп-салдары әзірге нақтыланбады. Министр бұл бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Кінәлілер анықталса, оларға берілетін жаза – өте қатаң болатынын айтты.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды