Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қиыр Шығыстағы мәселелерге алаңдаушылық білдірді

Мемлекет басшысы Парсы шығанағы аймағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің орынбасарының, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, Сыртқы істер министрінің, Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің және Қарулы Күштер Бас штабы бастығының қатысуымен кеңес өткізді.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен басқа да мемлекеттік органдардың басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Парсы шығанағы аймағындағы ахуалдың күрт шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, аталған іс-қимылдарға қатысушы тараптардың барынша ұстамдылық танытуы қажеттігін айтып, қақтығыстарды дипломатиялық әдіс-тәсілдермен, ең алдымен, бұл іске БҰҰ араластыра отырып, сондай-ақ екіжақты байланыстар мен келіссөздер арқылы реттеу мүмкін екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстанның Таяу Шығыстағы елшіліктері мен ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, еліміздегі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін сақтау үшін шаралар қабылдауды, мемлекетіміздің ұлттық мүддесіне қатысты маңызды ақпараттарды алу және талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму және қорғаныс әлеуетін күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақ жігіті махаббат үшін Америкаға дейін барады": Қоянбаев өтірікшілерді "ақтап" фильм түсіргені туралы

Продюсер Әсел Сағатованың шын мәнінде қандай екенін түсінгенін тілге тиек етті

Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға өтініш айтты

Біртанов азаматтарды дәрігерге қаралуға кеңес берді

Елімізде 200 теңгелік монета айналымға шықты

200 теңгелік қағаз банкнот әлі де төлем құралы болып саналады

Қазақстан студенттерді эвакуациялау үшін Қытайға арнайы комиссия жіберуге дайын

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстанда Қытайдан келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Науқастар вирустық инфекциялық күдікпен ауруханаға жатқызылды

Сыйақы бермейді, ақша жеп қойған: Түркістанда аурухана қызметкерлері басшысын кінәлады

Жұмысшылары еңбек жағдайлары мен әділетсіздікке наразылықтарын білдірді

Түркістан облысы тұрғындары көшеде кәмпит таратып жүрген шетелдіктерді көріп шу шығарды

Тұрғын: Вирус таратып жүргендер шығар, қайдан білеміз

ЦентрКредит Банкі Samsung Pay мобильді төлемдер сервисін пайдалануға іске қосты

Енді ЦКБ клиенттері Samsung Pay функциясын қолдайтын кез келген Samsung құрылғысының көмегімен сауда жасай алады

"Таразға іздеп барсам, ол шымкенттік екен": Нұрлан Қоянбаев әйелімен қалай танысқанын айтты

Актер үйленер кездегі қызықты оқиғаларын айтты

Кәсіпкерлер алдағы күндерде банкке баратын жолды ұмытады ма?

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады
Çàãðóçêà...