Тоқаев қаржылық пирамидалардың жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пирамидалық схемаларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда ұсынған ақпаратта.
- Абайлаңыз: Шымкентте интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
- Қазақстандағы күмәнді қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды
Заң жобасының негізгі мақсаты қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схемаларды жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ оларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау құралдарын жетілдіру.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген