Тоқаев Джо Байденді президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында өткен президент сайлауында басым дауыс жинаған Джо Байденді құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Джо Байденге шын жүректен жылы лебізін жеткізіп, алдағы уақытта екі ел арасында ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.
Еске салсақ, АҚШ-тағы президенттік сайлауда Демократиялық партиясының атынан шыққан Джо Байден жеңіске қажетті 270 дауыс жинай алды.
Айта кетейік, Джо Байден мен оның ұлы Хантер қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев пен Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"