Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бюджет туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның парламент депутаттары бастама болған заңды сенат желтоқсан айында мақұлдаған еді. 

Аталмыш заң жобасы бюджеттік заңнаманы дамыту және осы саладағы үрдістерді реттеу мақсатында жасалды. Бұған қоса, қаулыда мына мәселелер қарастырылған:

  • стратегиялық және бюджеттік жоспарларлауды үйлестіру;
  • бюджеттік қаражат бөлінген жобалардың экономикалық кірісін көбейту;
  • мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлаудағы жауапкершіліктері мен тәуелсіздіктерін арттыру.

Толық заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Талқылау