Тоқаев балаларға арналған "Келешек" жаңа жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев бес жастан бастап блаларға бастапқы білім беру капиталын жинауға көмектесетін "Келешек" жаңа жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
"Келешек" – мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, жыл сайын мемлекеттік сыйлықақы мен инвестициялық кірісті қамтитын балаларға арналған жаңа жинақтау жүйесі.
"Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы 5 жасқа толатын балаларға жинақтала бастайды. Білім беру капиталын есептеу, пайдалану, қайтару сияқты есептеу жүйелері Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бастапқы қағидаларда көрсетілген.
Білім беру жинақтау жүйесінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы 5 пайыз болады. Ал халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы балалар үшін – 7 пайыз. "Келешек" жүйесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнына, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға жұмсауға болатын қаражатты жинақтауға мүмкіндік береді, тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектеседі", - делінген Ақорда хабарламасында.