Тоқаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.
Ол сондай-ақ БАҚ-қа "қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін" алғыс айтты. Табыс және бақ-береке тілейтінін жеткізді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"