Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Азаматтардың демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне келтірілген шығынға наразылық білдірді.

көбейтұз

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көшеде демалу орындарында азаматтардың жалпы мәдениеті жетіспейді. Біздің отандастарымыздың Көбейтұз көліне келтірген залалынан әділ наразылық туындады. Азаматтардың  демалыс орындарындағы жаппай мадениетсіздігі тоқтамай тұр. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек", - деп жазды Тоқаев.

Осы жазда Көбейтұз көлі елорда мен облыс тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Ондағы фотолар әлеуметтік желілерде бәрін таңғалдырды.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде коронавирусты емдейді деген себеппен елорда маңындағы қызғылт Көбейтұз көлінің тұзын сатып жатқандығы хабарланған.

Талқылау