Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төбесінен су ағатын": Сәкен Майғазиев пен келіншегі дүкенде түнеген кездерін есіне алды

Сәкен Майғазиев пен келіншегі дүкенде түнеген кездерін есіне алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Той жыры" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Төбесінен су ағатын: Сәкен Майғазиев пен келіншегі дүкенде түнеген кездерін есіне алды

Танымал өнер иесі отбасын құрған жылдары қалай қиналғаны туралы айтып берді. Дүкенде нан сатып күнін көрген Сәкен Майғазиев пен келіншегі сол суық жерде түнеп, төбеден су ағып, мұз қатып жатса да шыдаған көрінеді. 

"Көптеген қиындықтар көрдік. Жатақханадан жатақханаға көштік. Дүкенде нан сатып жүріп, сонда түнеген кездеріміз болды. Суығын көрсеңіз. Кәдімгідей мұз қатып қалады, жаңбыр кезінде төбесінен су ағады", - дейді Сәкен Майғазиев. 

Тоқ пешті жылытып, киімдерін кептіріп, қалың киініп ұйықтағанын да жасырмады ол. Өзінің көрген қиындығын жасырмай айтқан ол, өмірім жастарға үлгі болса екен деп ойлайды.

"Электр пешті жылытып қойып, аяғымызды жылытқан кездеріміз, киіммен ұйықтаған шақтарымыз болды. Ауылға барғандағы жалаңаяқ жүрген, қой баққан, қора, қопсықты ешкімнен қысылмай көрсететінім сол. Кейбір жастар арланбаса екен деймін", - дейді Сәкен Майғазиев. 

Талқылау