Тбилисидегі қазақстандық арудың өлімі: Ішкі істер министрлігі Грузияға тергеу тобын жіберді
Грузияның Тбилиси қаласында көз жұмған Әсел Айтпаеваның ісіне қатысты Қазақстаннан тергеу тобы Грузияға аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның сөзінше, қазақстандық арудың өліміне қатысты тергеу жұмыстарына ішкі істер министрлігі толығымен бақылау жүргізетін болады.
"Қазақстанның ішкі істер министрлігі Грузияға тергеу тобын жіберді. Тергеу тобының басты мақсаты - іс материалдарына қатысты толық ақпарат алу және Грузиядағы сот алты тергеу жұмыстары бойынша ақпарат алмасу", - деп мәлімдеді Нұрділдә Ораз.
Айта кетейік, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”