Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңдессіз әрі жеңіліп көрмеген: Арыстанбек Мұхамедиұлы боксшы Головкинді жеңісімен құттықтады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Теңдессіз әрі жеңіліп көрмеген: Арыстанбек Мұхамедиұлы боксшы Головкинді жеңісімен құттықтады

Сурет: коллаж\ сурет Tengrinews.kz

«Теңдессіз, жеңіліп көрмеген, әйгілі Чемпион, ең беделді сыйлықтар мен титулдардың иесі Геннадий Головкин тағы да жеңіске жетті! Біздің нағыз батырымыз GGG мен оның жанкүйерлерін жеңісімен құттықтаймыз.

Құрметті, Геннадий Геннадиевич, қазақстандықтардың барлығы сіздің жеңетініңізге сенді. Америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте сіз өзіңіздің боксшы ретіндегі ерекше қасиеттеріңізді көрсеттіңіз және қазақстандық бокс мектебінің әлемдегі үздік мектептердің бірі екенін кезекті рет дәлелдедіңіз. Ал сіз – бұл мектептің үздік өкілісіз», – деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісіндегі парақшасында.

Министрдің сөзінше, Головкиннің жекпе-жегі әлемдік бокстың дамуына үлкен үлес қосуда.

«Сіздің әр жеңісіңіз жастардың жүрегіне өз күшіне деген сенімділік береді. Сізге шын жүректен зор денсаулық, отбасыңызда береке және рингте жаңа жеңістерге жетуіңізді тілеймін», – дейді министр.

Оқи отырыңыз:

Пойыз қағып өткендей болды: Головкиннен жеңілген Мартиросян оның соққысының күшіне қайран қалды

Головкиннің рингке шыға салысымен қарсыласын нокаутқа жіберген видеосы пайда болды (видео)

Нағыз жекпе-жек болады деп ойладым: Головкин Мартиросянмен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Головкин қарсыласын жеңіп, әлемдік бокс бойынша тарихи рекорд орнатты

Талқылау