Тендерді жеңіп алу үшін: Алматылықтар 300 миллион теңгеге алданып қалды
Тендерді жеңіп алуға көмектесетінін айтқан алаяқ әйел алматылықтарды 300 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Әуезов ауданының тәртіп сақшылары алаяқтық жасағаны үшін 37 жастағы С. есімді әйелді ұстады.
"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті "жақсы таныстарына" сілтеме жасай отырып, азаматтарға тендерлерге қатысуға және жеңіске жетуге уәде берген. Қазіргі уақытта С. есімді әйелдің қатысы бар 5 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлемі 300 млн теңгеге жетті", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Полиция өкілінің айтуынша, күдікті қазір қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Күдіктінің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн