"Теміржолсу-Маңғыстау" бұрынғы бас есепшісі аса ірі көлемді қаржы жымқырды деп айыпталды
Қаржылық мониторинг агенттігі "Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісінің аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше бұрынғы бас есепшінің заңсыз иемденген қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған.
“ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен мекеменің бұрынғы бас есепшісі квазимемлекеттік сектор қызметкері бола тұра, 2021 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы мамыр аралығында салық төлеу желеуімен төлем құжаттарына жалған ақпараты енгізу арқылы жеке тұлғалардың есеп-шоттарына серіктестік қаражатын аударып, кейіннен өзіне қайтарып алғаны анықталды”, – делінген ақпаратта.
Бас есепші серіктестікке 225 миллион теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірген. Бүгінгі таңда тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды