Тегерандағы ұшақ апаты: Әуе кемесіне зымыранның тигені видеоға түсіп қалған
Тегеранда құлаған Boeing 737-800 ұшағына зымыранның тигені түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада әуе ұшып бара жатқан ұшаққа жарқылдаған сәуленің тигені байқалады. Артынша кішкене ғана өз қалпын сақтаған әуе кемесінің жерге құлап, артынша жарылған дауысы естіледі.
Бұл видеоның шынайылығын АҚШ-тың беделді басылымы The New York Times растап отыр. Журналисттердің пікірінше, расымен де украиндық Boeing ұшағына зымыран тиіпті.
Оған қоса басылым зымыран тигеннен кейін борттың кері айналмақшы болғанын қосыпты.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ пен Канада мемлекеттерінің Иранды ұшаққа қарсы зымыран атқан деп айыптағаны айтылған еді. Өз кезегінде украиналық сарапшылар ұшақтың құлауына борттың ішінде болған терроистік әрекет, қозғалтқыштың отқа орануы және зымыранның тиюі әсер етуі мүмкін деп айтыпты.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"