Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тегерандағы ұшақ апаты: АҚШ пен Канада болған жайтқа Иранды кінәлі деп айыптады

АҚШ пен Канаданың көшбасшылары Тегерандағы ұшақ апатына себеп болған жағдай зымыранның тиюі екендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Крушение самолета в Иране

АҚШ президенті Дональд Трамп өздерінің Ирактағы әскери базасына Иранның шабуылдауын алдын ала білген көрінеді. Бұл жағдайды ол америкалықтардың Space Based Infrared System (SBIRS) жерсерікті инфрақызыл бақылаушы жүйелерінің болуы деп түсіндірді. АҚШ басшысының айтуынша, олар сонымен қатар ирандықтардың зымырандық шабуылын белгілі бір ақпарат көздері арқылы болжап білген. 

Америкалық басылымның хабарлауынша, SBIRS жүйесі америкалықтар үшін таптырмас құрал көрінеді. Ол арқылы АҚШ әскерилері әуеде және жерде орын алып жатқан барлық сәулелерді бақылауға алып, бұл инфрақызыл жарықтар туралы ақпарат жинай алады екен. Соған сәйкес АҚШ Ирандықтардың Boeing ұшағын зымыранмен атып түскеніне куә болса керек.

Өз кезегінде Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо апатқа байланысты алаңдаушылық білдіріп, ирандықтар аталған ұшақты абайсыздан атып жіберуі мүмкін деді. 

"Барық дәйектер ұшақтың ирандық "жер-әуе" зымыранымен атып түсірілгенін аңғартады", - деп мәлімдеді Трюдо. 

Естеріңізге салайық, украиндық ұшақ Тегеранның әуежайының маңында апатқа ұшырағаны айтылған еді. АҚШ пен Иран арасындағы кикілжің аясында орын алған бұл оқиға әлем жұртын дүр сілкіндірді. Өкінішке ұшақта болған жолаушылар да, экипаж мүшелері де аман қалмапты. Кейіннен украиналық сарапшылар апатқа себеп болуы мүмкін бірнеше жағдайды қарастыруды ұсынды. 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан
Çàãðóçêà...