Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран тарапынан атылған 15 зымыранның 11-і нысанаға дәл жетті: АҚШ-тың әскери базасы шабуылға ұшырады

Ирактың батысында орналасқан америкалық Эйн-әл-Асад әскери базасы зымырандық шабуылдың астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл әрекетті Иранның ислам революциясының қорғаушы корпусы (КСИР) өз мойындарына алыпты. Әскери базаның бомбылануы видеоға түсіріліп, Press TV арнасының Twitter парақшасында жарияланды. 

"КСИР Ирактағы америкалық әуе Эйн-әл-Асад базасына ондаған ракеталық соққы жасағанын растайды", - делінген хабарламада.

Арнаның мәлімдеуінше, бұл шабуыл ирандық генерал Касем Сүлейманидің америкалықтардың қолынан қаза табуына арналған жауап болыпты. 

Америкалық шенеунік шынымен де Ирактағы әскери базаның ракеталық шабуылға тап болғанын айтқан. Сөзінше, жарақат алған адамдар және шабуылдың келтірген шығыны жайлы әлі ақпарат келіп түспеген. 

АҚШ президентінің баспасөз-хатшысы Стефани Гришэм Дональд Трамптың аталған оқиға туралы хабардар екендігін жеткізді. 

"Президентке болған жайт жайлы хабар бердік, ол оқиғаны өз қадағалауына алып, мемлекеттегі ұлттық қауіпсіздік тобымен кеңесуде", - деп мәлімдеді Гришем. 

ABC-тің хабарлауынша, Ирактағы АҚШ-тың  нысандары Иран тарапынан баллистикалық зымыранның шабуылына ұшырапты. Иранның АҚШ базасына қарсы бағытталған 15 зымыранның 11-і нысанаға дәл тиіпті.  Бұған қоса америкалық БАҚ Эйн-әл-Асад базасымен қатар, Эрбилдегі әскери бөлім де бомбылаудың астында қалған. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақ жігіті махаббат үшін Америкаға дейін барады": Қоянбаев өтірікшілерді "ақтап" фильм түсіргені туралы

Продюсер Әсел Сағатованың шын мәнінде қандай екенін түсінгенін тілге тиек етті

Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға өтініш айтты

Біртанов азаматтарды дәрігерге қаралуға кеңес берді

Елімізде 200 теңгелік монета айналымға шықты

200 теңгелік қағаз банкнот әлі де төлем құралы болып саналады

Қазақстан студенттерді эвакуациялау үшін Қытайға арнайы комиссия жіберуге дайын

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстанда Қытайдан келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Науқастар вирустық инфекциялық күдікпен ауруханаға жатқызылды

Сыйақы бермейді, ақша жеп қойған: Түркістанда аурухана қызметкерлері басшысын кінәлады

Жұмысшылары еңбек жағдайлары мен әділетсіздікке наразылықтарын білдірді

Түркістан облысы тұрғындары көшеде кәмпит таратып жүрген шетелдіктерді көріп шу шығарды

Тұрғын: Вирус таратып жүргендер шығар, қайдан білеміз

ЦентрКредит Банкі Samsung Pay мобильді төлемдер сервисін пайдалануға іске қосты

Енді ЦКБ клиенттері Samsung Pay функциясын қолдайтын кез келген Samsung құрылғысының көмегімен сауда жасай алады

"Таразға іздеп барсам, ол шымкенттік екен": Нұрлан Қоянбаев әйелімен қалай танысқанын айтты

Актер үйленер кездегі қызықты оқиғаларын айтты

Кәсіпкерлер алдағы күндерде банкке баратын жолды ұмытады ма?

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады
Çàãðóçêà...