Тәжікстан президенті халқын екі жылға жетерлік азық-түлік қорын жинауға шақырды
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты отандастарына қайырыла сөйлеген сөзінде қазір болып жатқан жағдай әлемнің барлық еліне, соның ішінде Тәжікстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға елеулі әсер етіп отырғанын, сондықтан ел азаматтарын азық-түлік қорын екі жылға жетерліктей етіп жинауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі Sputnik Тәжікстан сайтына сілтеме жасап.
Эмомали Рахмон биылғы жыл адамзат үшін барлық жағынан және ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ең қиын және ауыр болатынын айтты.
"Мұндай жағдайда ауызбіршілікте болу, қиын-қыстау кезде бір-бірін қолдау, үрейге бой алдырмай, үнемшіл, қырағы болу керек", – деді мемлекет басшысы.
Рахмон әлемдегі саяси, әскери, экономикалық және әлеуметтік жағдай тым шиеленісіп, дағдарыс болып тұрған жағдайда аянбай еңбек ету маңызды екенін баса айтты.
Ол қазір ел үкіметі қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, экономика мен халықты қорғау үшін қажетті шараларды қолға алып жатқанына сендірді.
- Кейбірінің қолы байланған: Киев маңындағы Бучада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың мәйіті жатыр
- Әзірбайжан астанасындағы жарылыстан үш адам қаза тапты
- Қазақстан президентіне қастандық жасамақшы болған шетел барлау агенті қолға түсті - ҰҚК
"Біз көктемнің әрбір қолайлы күнін пайдаланып, егіс науқанын дер кезінде аяқтап, мол өнімнің негізін қалауымыз керек. Еске сақтаңыз, әрбір отбасы 2 жылға жетерлік азық-түлік қорын жинақтауы керек", – деді Рахмон.
Ол сонымен қатар азық-түлік қорының тиімділігіне азаматтардың пандемия кезінде көздері жеткенін атап өтті.
Оның айтуынша, осы мәселеге баса назар аударып, ел тұрғындары ешқандай қиындыққа тап болып, азық-түлік тапшылығынан немесе азық-түлік бағасының қымбаттауынан зардап шекпеуі үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.
Сарапшылардың пікірінше, дағдарыс кезеңінің қанша уақытқа созылатынын және оның салдарын болжау мүмкін емес, деп сөзін аяқтады Эмомали Рахмон.

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
