Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейбірінің қолы байланған: Киев маңындағы Бучада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың мәйіті жатыр

Киевтің солтүстік-батысындағы бір айдан астам уақыт бойы ресейлік әскерилердің  бақылауында болған Буча қаласында ондаған, тіпті жүздеген бейбіт тұрғынның қаза тапқаны мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Украинская правда басылымына сілтеме жасап.

украина буча

Ресей әскері солтүстікке, Беларусь шекарасына қарай тез шегініп кеткеннен кейін украин әскері қаланы бір күннің ішінде қайтарып алды. Әлеуметтік желілерде кейбір көшелердің тура ортасы қаза тапқандардың мәйіттеріне толып жатқанын көруге болатын фотолар мен видеолар пайда бола бастады.

Сенбі күні қалаға шетелдік БАҚ, соның ішінде Reuters және AFP тілшілері келді. Олар өз баяндамаларында көшелердегі мәйіттердің көптігін растады.



Әңгіме бейбіт тұрғындар туралы болып жатуы мүмкін, себебі қаза болғандар азаматтық киім киген, олардың кейбірін туыстары танып үлгерген. Олардың кейбіреулері атқылау кезінде қаза тапқаны анық немесе миналардың астына түсіп қалған. Бірақ фотодан қолы байланған адамдардың денелерін де көруге болады. Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михайло Подоляк оларды ресейлік әскерилер атып тастаған деп болжайды.

Қала әкімінің айтуынша, 300-ге жуық Буча тұрғынының денесі бауырлас бейітте жерленген.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі Reuters агенттігінің сауалына әлі жауап берген жоқ.

Талқылау