AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вова ағайды көмекке шақырамыз": Қазақстанда радиожүргізушінің айтқан сөзі көпшіліктің наразылығын туғызды

Қазақстанда "Еуропа плюс Қазақстан" радиосының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісінің айтқан сөздерінен кейін кикілжің орын алды. Любовь Панова әлеуметтік желідегі пікірге жауап беріп отырып, Ресей президенті Владимир Путинді елге тәртіп орнату үшін шақыратынын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

путин коллаж 2

Украинада әскери әрекет бастаған елдің басшысын Панова "Вова ағай" деп атағанын айта кетейік. Ол қазақстандықтарды асыра ұлтшыл деп айыптап, "көп сөйлемеуді" сұраған. Ал радио жүргізушісінің сөзі мыңдаған қазақстандықтардың наразылығын туғызып, мұндай өрескелдікке жол берген қызметкерді жұмыстан шығаруды талап етті. "Еуропа плюс Қазақстан" басшылығы  Панованың ұстанымы "радиостанция саясатына еш қатысы жоқ" екенін айтқан.

"Қызметкеріміз Любовь Панованың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтқан ұстанымы біздің радиостанцияның саясатына еш қатысы жоқ. "Еуропа плюс Қазақстан" ақпараттық саясаты интернационализм, Қазақстанның егемендігі мен гүлденуі секілді мызғымас құндылықтарға негізделген", –  делінген компания мәлімдемесінде.

Сондай-ақ олар жүргізушінің көпшілік алдында айтқан сөздерін компанияның тәртіптік комитеті қарайтынына уәде берді.



"Еуропа плюс Қазақстан" радиостанциясының ақпараттық саясаты қатаң тексеруден өткен соңғы жаңалықтардан тұрады. Радикалды пікірлер немесе тексерілмеген фактілер біздің радионың эфирінде ешқашан болған емес және болмайды сондай-ақ бұдан кейін де мұндай ақпараттар қабылданбайды", –  деп мәлімдеді радио басшылығы.

Алайда радиостанцияның мұндай реакциясына көпшілік қанағаттанбады. Пікірлерде олар Любовь Панованы жұмыстан босату, ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін жауапқа тарту, тіпті Қазақстан азаматтығынан айыру және елден қуу туралы талаптарын айтуды тоқтатпады.

"Сепаратистік пиғылдағы адам өз жұмысымен радиостанцияға жаман ат әкелмеуі қажет", "Сұмдық!", "Вова ағайына тайып тұрсын", – деп жазды қазақстандықтар.

Әзірге жүргізуші Любовь Панова бұл пікірлерге нақты жауап берген жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр