Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайваньдағы президент сайлауы: Қытайдан алшақтап, АҚШ-пен байланыс орнатуды ұсынған кандидат жеңіске жетті

Тайваньдағы президент сайлауында оппозиция өкілдері өздерінің жеңілгенін мойындады. Дауыс санау әлі жалғасып жатқанымен, Уильям Лайдың жеңіске жетері сөзсіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Уильям Лай

Басқарушы партияның кандидаты, 64 жастағы Уильям Лай (Лай Циндэ) – Демократиялық прогрессивті партия өкілі. Дегенмен Қытай билгілі Лайды "сепаратист" деп атап, Тайвань жұртшылығын, Демократиялық партияға дауыс бермеуге шақырған. 

Уильям Лай Бейжіңге экономикалық тәуелділікті азайтып, АҚШ-пен байланысты жақсартуды қолдайды. Ал оның басты қарсыласы – Гоминдань оппозициялық партиясының кандидаты Хоу Юи Қытаймен байланысты нығайтуды ұсынған. 

Алдын ала есеп бойынша, дауыс берушілердің 42%-ы Лайға, 34%-ы Хоуға дауыс берген. 

Тайваньдағы президент сайлауын әлем елдері бақылап отыр. Себебі тайваньдықтар Қытайдан бөлініп шығатынын мәлімдесе, Бейжің соғыс бастауы мүмкін. Сондай-ақ сайлау алдында Тайвань аралы маңында әскери құрылымдардың белсенділігі артқан. 

Тайвань қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес арал маңында 8 Қытай ұшағы ұшып жүр. Олардың біреуі таңғы 6:00 шамасында әуе шекарасы кеңістігін бұзған. Бұдан бөлек 6 қытайлық әскери кеме аралды қоршап алған. 

Бұған дейін АҚШ Қытай тарапынан қысым жасалса, жанжалға араласуына тура келетінін мәлімдеген. 

Талқылау