"Тауып, жазалаңыздар": Талғардағы аурухана маңында атылған отшашу науқастардың наразылығын тудырды
18 шілде күні кешке белгісіз тұлғалар Талғар орталық аудандық ауруханасының аумағында отшашу ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеоны Instagram-да kris_p_talgar парақшасы жариялады.
"Перзентханаға қарама-қарсы жерден ұшырылды. Мұны жаңа туған нәрестенің туыстары жасады деген күдік бар", - делінген видеода.
"Біздің пациенттердің наразылығы мен ашуында шек жоқ. Науқастардың өмірі үшін күресіп жатқан кезде отшашулар атады", - дейді стационардың медицина қызметкерлері.
"Жаңа туған нәрестелер дауыстан қорқып, жылады. Оны жасаған адамды тауып, жазалауын сұраймыз", - дейді ауруханағылар.