Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім әйелі екеуінің жаңа үйін көрсетті (видео)

Қазақстандағы ең келбетті кино актер Тәуекел Мүсілім жаңа үйін көпшілікке көрсетті. Қиын уақытта отау құрған жас жұбайлар үйлену тойын жасамаса да, қоныс тойын тойлаған еді. Енді жары екеуі бөлек шығып, қуанышын көпке айтты. 

Бұл туралы актер желідегі парақшасында жазды. 

"Ұзақ жөндеу жұмыстарынан соң үйіміз осындай көріністе. Сіздерге көрсетуге қол тимеді. Бастапқыда бәрін заманауи стильде жасағымыз келген, алайда анамның кей өтіншін ескердік. Бәрін тәптіштеп айтып отырмайын, видеодан өздеріңіз көріңіздер", - деп жазды Тәуекел. 

Екі жастың таңдауы модерн стилі болғанымен, анасының өтінішін ескерген. Бұл ретте актер кәсіби мамандардың көмегіне жүгінгенін айтты. 

Айта кетейік, жақын күндері Тәуекел Мүсілім мен Махаббат қоныс тойын жасап, өнердегі дос-әріптестерінің басын қосқан еді.

Желідегі көпшілік құтты болсын айтып, жақсы тіегін арнады. 

"Керемет әсем үй екен, құтты болсын", "Іші қуанышқа толсын, өте керемет", "Әйеліңнің арманы жоқ шығар", "Бөлек шығып жатырсыздар ма, анаңызбен тұрасыздар ма?", "Үйді сатып алдыңыздар ма?", "Іші бала-шағаға толсын, неткен бақытты жұп", "Маған дизайны ұнады", - деп жазды олар. 


90-жылдардың қылмыс серкесі: Тәуекел Мүсілім әкесінің видеосын жариялады


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр