Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда қызы өз әкесінен 600 мың теңгеден астам ақша ұрлаған

Таразда 60 жастағы ер адамның 34 жастағы қыз әкесінің шотынан 600 мың теңгесін аударып алған. Құқық қорғаушылар жәбірленушінің арызынан соң кінәліні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға 60 жастағы ер адам бір апта ішінде қызы ұялы телефондағы банктің мобильдi қосымшаcының көмегімен, жеке есеп шотынан өзіне 600 000 теңгеден астам ақша аударғанын айтып, арызданған.

“Шу ауданының полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК-нiң 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”- деді құқық қорғаушылар. 



Осы баптың санкциясына сәйкес кінәлінің мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеу, сол мөлшерде түзету жұмыстары, сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, түріндегі жаза көзделген. 

Талқылау