Ақмола облысында тұрғын 71 жастағы анасын ұрып тастаған
Ақмола облысындағы Аршалы ауданында 31 жастағы ер адам 71 жастағы анасын ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 тамызда аудандық аурухана қызметкерлері полиция бөліміне қабылдау бөліміне егде жастағы әйелдің жүгінгені туралы мәлімдеген. Зейнеткерге төбе аймағының соғылған жарақаты, оң жақтағы 9,10-қабырғалардың жабық сынуы диагнозы қойылған.
Тергеу кезінде зейнеткердің 31 жастағы ұлы отбасылық жанжал кезінде анасын соққыға жыққаны анықталған.
Аршалы аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”