Қарағандылық азаматқа өз анасын өлтіріп, тоғыз көліктің әйнегін сындырды деген айып тағылды
Қарағандыда бұрын бұзақылықпен ұсталған азамат анасымен жанжалдасып, оны пышақтап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сағат 07:55-те Гапеев көшесіндегі №29 үйдің пәтерлерінің бірінен әйелдің денесі табылды. Ол 70 жастағы үй иесі болып шықты. Деректер бойынша әйел бұрын ұсталған ер адамның анасы екені анықталды", – деді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Ер адам бұрын ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бұзақылық бойынша ұсталған. Ол үйдің ауласында тұрған тоғыз көліктің терезесін сындырған. Полиция кейін оны үйіне жіберген.
Криминалдық полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінен күдіктіні тауып, қамауға алды. Ол көршілеріне келтірілген шығынды өтеу үшін туған анасымен жанжалдасып, оны пышақтап кеткенін түсіндірді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған