Зейнеткер анасын аяусыз ұрған: Прокурорлар оқиғаның анық-қанығын айтып берді
Алматы қаласының прокуратурасы егде жастағы анасын ұрған ер адамның оқиғасына қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, ер адам жәбірленушінің ұлы екен. Жанжал қайын енесінің келініне дөрекі сөйлеуінен туындаған.
"Әйелін жақтаған ер адам анасына түрлі дене жарақаттарын келтірген. Алатау аудандық прокуратурасының нұсқауымен 49 жастағы күдікті ұсталды", – деді Алатау ауданының прокуроры өз Facebook парақшасында.
Ер адам егде зейнеткерге бұзақылық ниетпен денсаулығына қасақана (ауырлығы орташа) зиян келтірді деген күдікке ілінді. Прокурорлар тергеушінің өтінішін қолдап, сот санкциясымен ер адам екі айға қамауға алынды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда өз анасын таяқпен тоқпақтаған ер адамның ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған