AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда алып қыз бала өмірге келді

19 сәуір күні таңертең Тараз қаласындағы перзентхананың қабылдау бөліміне жүкті әйел келіп түсті. Ол 5 келі салмақтағы алып қыз баланы дүниеге әкелді.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 19 сәуір күні Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне жүкті әйел түскен. Дәрігерлер тексеріп, кеңес ұйымдастырды. Алып бала құрсақта керісінше жатқандықтан әйелді тудыру мәселесі қиынға соқты. 

Сарапшылардың айтуынша, кей жағдайда алып балалар табиғи түрде туып, өміріне еш нұқсан келмейді. Дегенмен, әртүрлі жағдай болуы мүмкін. 

Бұл жағдайда сәбидің салмағы үлкен, сондай-ақ ананың метаболикалық синдромына байланысты ота жасауға тура келді. 

"Шұғыл түрде кесарь тілігі арқылы босану туралы шешім қабылданды. Сағат 10.46-да салмағы 5000 грамм, бойы 62 см болатын қыз бала дүниеге келді. Мұндай баланы алып бала деп атайды", - деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасында.

Операция сәтті өтті, ана мен баланың жағдайы жақсы.


Алматыда 20 жастағы келіншек алып баланы дүниеге әкелді 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр