Алматыда 20 жастағы келіншек алып баланы дүниеге әкелді
Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Салмағы 6 келі 280 гр, бойы 66 сантиметр болатын сәби перинатология және кардиохирургия орталығында кесарь тілігі жолымен дүниеге келді. Анасы 20 жаста.
"Анасының жағдайы қанағаттанарлық. Бұл оның бірінші сәбиі. Бала анасының жанында. Сәбидің дені сау, ол дәрігерлердің бақылауында болады", - деді орталық директоы Гүлнар Нұрланова.
2022 жылдан бастап көп балалы аналарға арналған жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?
Директордың айтуынша, сәби – орталықта дүниеге келген алғашқы алып бала.
"Алып балалар бізде болды. Соңғы рет 5 келі 800 гр болып туды. Бірақ 6 келіден асатын бала алғаш рет тіркеліп отыр", - деді Гүлнар Нұрланова.
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
