Тараз қаласында пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды
Тараз қаласы тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасыныңжетекшісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: Марина Грекова
Қазақстан Республикасының жемқорлықпен күрес агенттігінің департаменті Жамбыл облысының Тараз қаласында тауар қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасы жетекшісін пара алды деген күдікпен ұстады.
Ол жүзуге арналған бассейнге жалған санитарлық-эпидемиялық қорытынды бергені үшін 100 мың теңге алды деген күдікке ілінді.
«Күдіктіге қатысты темір торға қамау туралы шешім шығарылды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты кінәсіне қарай соңғы шешімді сот шығаратын болады», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"