Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды
Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
“А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды. Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды", – делінген ресми мәлімдемеде.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған