Соңғы жаңалықтар

Танымал «Бәйтерек» пойызынан табылған тарақандарға қатысты дау өрши түсті

 «Жолаушылар тасымалы» компаниясының басшылары «Бәйтерек» пойызынан табылған тарақандарға қатысты түсініктеме берді,-деп жазды КТК арнасы.

тарақан

Айтуларынша, вагондағы тазалықта мін жоқ екен. Ал жұрттың үрейін ұшырған зиянкестерді жолаушылардың өздері әкелуі мүмкін. Тарақанға толы таспаны өткен аптада сол «Бәйтерекпен» жүрген жолаушы ғаламторға салған болатын.

Тарақандар анау-мынау емес, мақтаулы «Бәйтерек» пойызының ішінде жүр. Мұны көрген жолаушылар бірден жауапты адамдарды іздейді.

Жүрегі дауламаса керек, жәндікті аулауға жолсерік те келмепті. Осыдан кейін Астанадан Алматыға аяқты созып баруды армандағандар тікесінен отырып, түнімен кірпік ілмей шыққан. Ал ұйқыны жеңе алмаған бір жолаушының құлағына жәндік кіріп кетіпті.

«Айтарға сөзім жоқ! Вагон іші тарақандардан аяқ алып жүргісіз! Олар барлық жерде жыбырлап жүр. Тіпті, ұйқыдағы бір жігіттің құлағына кіріп кетті тарақан. Енді не істейміз? Алматыға тек кешкі бестерде бір-ақ жетеміз. Қазір болса түнгі екі»,-дейді жолаушы Қарлығаш Қасымова.

Тарақандармен бірге түнегендердің түсірген таспа әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ақшадан қағыламыз деді ме, бағасы әуе билеттерімен бірдей «Бәйтеректің» басшылары іле-шала тексеру жүргізіпті. Мін таппадық деген олар енді жолаушылардың өздерін кінәлап отыр.

«Тарақандарды жолаушылардың өздері алып келген. Өйткені вагондар күнделікті тазартылып тұрады. Дизинфекцияланады. Жолға аттанбас бұрын жатын орындардың да тазалығы жіті тексеріледі. Ал тарақан сөмкеден шыққан болуы мүмкін»,-дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов.

Сол себепті де төсекте тарақандардың өріп жүргені үшін ешкім жауапқа тартылмапты. Одан қалды, теміржол тасымалына жауаптылар вагондардан жәндік көрмедік дейді.

Теміржол саласының басшылары былтыр да вагондардан тарақан шыққанын ұмытса керек.

«Астана-Маңғыстау» пойызына мінген жолаушылар да түнімен кірпік ілместен жәндіктерді күзетіп отырыпты. Ол кезде де бұл келеңсіз жағдай үшін ешкім жауапқа тартылмаған.

Оқи отырыңыз: 

“Бәйтерек” пойызында тарақандармен алысқан жолаушылардың төбе шашы тік тұрды (видео)

Дәрігерлер ота жасап әйелдің басынан тірі тарақанды шығарып алды (видео)

Егеуқұйрықты тірідей жұтқан қытай жігіті желідегілерді шошытты (видео)

Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

Миллионер панасыздарға құны 150 мың доллардан асатын қымбат пәтерін бере салмақ

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр