Танымал актер өзінен 8 жас үлкен актрисаға құда түсті (видео)
Актриса Жанель Мақажанға сүйіктісі келіп құда түсті. Жанельге сырға салынды, деп хабарлайды Stan.kz.
"Бұл күн есте қалары сөзсіз... Абай екеуміз сөз байласып жүргенде, жақсы адам екенін көріп, ата-анасын сырттай жақсы көріп жүруші едім. Демек, осы екі жақсы жаннан дүниеге менің күйеуім келген екен деп.
Екі жақ танысып, Құда атанар күнді біз қатты күттік. Қасиетті “Құрбан айт” мұсылмандардың асыға күтетін мереке күнінде, бұл күнге де жеттік. Бұл тек таныстық, бастамасы... Әрі қарай құдалық.
Бірақ... Сырға салады деп мүлдем ойлаған емеспін. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін тұрмыста болдым. Соған қарамастан, Ата-енем (енді менің де мамам мен папам) осындай сый жасады. Көзіме жас келді... Неткен мейірімге толы жандар... Жақсы көрем..!
Әрбіріңізге бақ 1000 еселеп бұйырсын! “Мүмкін емес” деген ұғымды ойыңыздан жойып тастап, бір Аллаһ Тағаланың құдіретіне иланыңыз! Бәрі де мүмкін!
Дұға-тілектеріңізге мың алғыс", – деп қуанышымен бөлісті Жанель жеке парақшасында.
Әлеуметтік желіде Абай мен Жанельдің мұсылманша некесін қиғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Жанельдің сүйіктісі – актер Абай Асылхан, өзінен 8 жасқа кіші. Ол Жанельдің жасына және екі баласының барына қарамастан, оны жан-тәнімен сүйетінін айтқан еді. Ол Жанельге үйлену туралы ұсынысты маусым айында жасаған.