Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен ешқашан көзге шөп салмаймын": Жанель Мақажанға сүйіктісі көпшілік алдында тосынсый жасады

Қазақстандық актриса Жанель Мақажан өзінен 8 жас кіші актермен бас қосты. Сүйіктісі Абай Асылхан актрисаға тосынсый жасап, көпшілік алдында сезімін білдірді. 

Бұл туралы SALEM EPISODES арнасында айтылды. 

Абай Асылхан мен Жанель Мақажан 4 айдан бері бірге. Екі жыл бұрын таныс болғанымен өнер өкілдері енді ғана бас қосты. 

"Біз бірнеше жылдан бері бір-бірімізді танимыз. Бірнеше уақыт бірге болмадық. 4 ай бұрын ғана бірге жұмыс істедік. Жұмыс барысында бір-бірімізді жақын тани бастадық. Қанша уақытта бір-бірімізді елемей, тек кейін ғана табысқанымыз тағдырдың жазуымен болды деп ойлаймын. Мен оны бар жаныммен сүйем. Тіпті арадағы 8 жас та, екі баласы да кедергі емес. Керісінше, осы үшін мені қабылдамай қоя ма деген сұрақ мазалады. Бастапқыда қорқыныш болды. Қазақта ер адам әйелінен үлкен болу керек деген түсінік бар ғой", - деді ол. 

Абай Асылханның айтуынша, Жанель жан-жақты қыз. Үй шаруасына да, ас үйге де жақын. 



"Жанель киім де тігеді, тамақты да дәмді істейді. Қолынан бәрі келеді. Мен оны Алла разылығы үшін жақсы көрем. Екі дүниеде де онымен бірге болғым келеді. Оның екі үлкен баласы бар. Олар мені қабылдай ма деген қорқыныш болды. Қазір бәрі жақсы. 4 айдан бері біргеміз. Жанель өте мейірімді. Ол ата-анасын керемет жақсы көреді. Ол балаларына жақсы қарайды. Адаммен сөйлесе де алады, дос та бола алады. Кішіпейіл. Қолынан келгенін аямайды. Сол қасиеті қатты ұнайды", - деді актер. 

Абай Асылхан үлы ер адамның артында ұлы әйел тұрады деді.

"Мен бұл ұранмен келісемін. Ер адам танк секілді болғанымен, оның да жанармайы таусылатын кезі болады. Егер әйелі қолдаушы болса оған сөзімен де, ісімен де қолдау көрсетсе, ол азамат тау қопарады. Егер әйелінен жылулық көрмесе, әйелімен дос бола алмаса, балаларының анасымен ашылып сөйлесе алмаса, ер адам жылулықты сырттан іздейді. Мен оған қарсымын. Өз әйеліңмен диалог болу керек. Егер екі дүниеде де бақытт болғың келсе, көзге шөп салып, қызықты сырттан іздемеу керек. Әйелі ерімен, ері әйелімен мәміледе болу керек", - деді Абай Асылхан. 

Талқылау