Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арамызда ондай сезім, махаббат жоқ": Актриса Жанель Мақажан 13 жасынан бастап киім тігіп сатады

Бірнеше фильмде басты рөлді сомдаған, қазіргі кино саласындағы сұранысқа ие актрисалардың бірі Жанель Мақажан шығармашылығы мен жеке өмірі жайлы айтты. Актрисаның кино саласынан бөлек киім тігетін өнері бар. 

Бұл туралы Ревю бағдарламасында айтылды.

Жанель Мақажан жақында Түркиядан оралды. Бір апталық демалысы үш аптаға созылған. Театр актрисасы бір уақытта бірнеше істі қолға алғанын айтады.Театрдан бөлек киноларға шақырту алады. Киім тігеді. Вайн түсіреді. 

"Менің кино әлемінен бөлек сүйікті ісім бар. Әжем, әжемнің анасы киім тіккен. Анам да тігінші. Мен де киім тігемін. 13 жасымнан бастап қолға алдым. Өзіме тіккен киімдерім тез сатылып кетеді. Жақында өз ательемді ашсам деп жүрмін. Атауын қалай қоярымды әлі білмеймін", - деді ол. 

Актриса тігіншіліктен бөлек жеке өзі кино түсіруді армандайды.  

"Өз киномды түсіргім келеді. Сол күнге жетейік. Екі балам бар. Тұрмыста емеспін. Театрдың актрисасымын. Киноға да түсемін. Алдымен қаламақыға емес, кино сцеранийіне мән беремін. Бұрын кастингтерге өзім баратынмын. Қазір шақыртумен барамын. Танылғалы бері қаламақым да көбейді. Бірақ оның бағасын айтпай-ақ қояйын", - деді ол. 

Көпшілік Жанель Мақажанды актер Жахар Отарғалиевпен жұп көреді. Оған желідегі вайндары себеп. Ал актрисаның өзі Жаханмен тек дос екенін ашық айтады.

"Жахан екеуміз керемет доспыз. Арамызда ондай сезім, махаббат жоқ. Жай ғана вайн түсіреміз. Көпшілік сол үшін бізді жұп деп ойлайды", - деді актриса.

Желідегі қолданушылары Жанель мен Жаханның жақсы жарасатынын айтып жатады. Оларды бірге көргісі келеді.

Талқылау