Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таңданарлықтай сот отырысы болды": Ресейлік журналист Ксения Собчак Бишімбаев ісі бойынша сотқа пікір білдірді

Ресейлік журналист Ксения Собчак әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Астанадағы сот отырысына қатысты. Ол сот процесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот/Ксения Собчактың Instagram парақшасы

Собчактың айтуынша, әріптес журналистер оның ұстанымын қате бағалаған.

"Қазақстандық және ресейлік БАҚ экс-министр Бишімбаевтың сотындағы басым позицияға ие болғаным туралы жаза бастады. Мен қорғау тарапының жанында, ал қалған журналистер тұрып тұрды деді. Достар, біз бұл тақырыпты көптен бері зерттеп келеміз, күн сайын Салтанаттың өлімі туралы жазамыз”, – деді Ксения Собчак.

Ол сондай-ақ бұл процесті ешкімге қатысы жоқ тәуелсіз журналист ретінде жариялап жатқанын атап өтті. Сөзінше, оның командасы бұл туралы үлкен оқиға түсіріп жатыр.

"Бізді сотқа қорғау немесе айыптау тарапы шақырған жоқ, мен Жоғарғы сот арқылы аккредитациядан өттім. Бізді қайда отырғызды, сол жерге жайғастық. Бүгін шынымен де таңданарлықтай отырыс болды. Бұл туралы сәл кейінірек айтамыз", – деп жазды ресейлік журналист.

Еске салсақ, 22 сәуірдегі Бишімбаев ісі бойынша сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келгені хабарланды.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау