Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамыз айына 42500 теңге төлене ме?

Ел билігінің карантинді 14 күнге созғаннан кейін халық 42 500 теңгенің жайын сұрауда. Қазіргі уақытта әлеуметтік төлемді шілде айына екі миллиондай қазақстандық алып үлгерген. Сонымен 14 күнге ұзарған шектеуде ел халқы 42500 теңгені ала ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

42500

Бүгінгі президенттің карантинді созу туралы шешімінен кейін енді өзін-өзі жұмыс қамтып немесе ісі тұралап қалғандар тамыз айына 42500 теңге беріле ме, берілмей ме деп, бастары қатып отыр. Оған ұлттық экономика министрі жауап берді.

"Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік комиссияға карантин мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы тапсырма жүктелді. Жақында өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. 42500 теңгені беру-бермеу мәселесі сол себепті мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады", - дейді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Әлеуметттік төлем жұмыссыздарға берілмейді. Алайда екі қолға бір күрек тапқысы келетіндер арнайы орталық арқылы жұмыс тауып, не жәрдемақы ала алады. Үкімет биыл бұқараны жұмыспен қамтуға 1 триллион теңге бөлген. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға берілген қаржы да қомақты.

Айта кетейік, 42500 теңге алған қазақстандықтарға салық салынбайтыны туралы қаржы министрлігі мәлімдеген еді. 

 

Талқылау