Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңге алған қазақстандықтар салық төлей ме: Министрлік жауап берді

Мемлекеттен берілген әлеуметтік төлемге салық салынбайтыны туралы қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрліктің баспсөз қызметінің мәліметінше, шектеу шаралары уақытында кірістерін толығымен жоғалтқан кәсіпкерлерге мемлекеттен төленуге жататын  42500 теңге әлеуметтік төлемдер салық салынатын кірістер ретінде қарастырылмайды.   

"Мемлекеттің әлеуметтік төлемдері оңайлатылған декларация және патент құнын есептеу бойынша салықтық есептілігінде көрсетілмейді. Бұндай төлемдер салық кодексінің 681 бабының 2 тармағымен белгіленген кірістер тізбесінде кәсіпкерлік қызметін атқару нәтижесінде алынған кірістер ретінде қарастырылмайды. Сонымен қатар, жеке тұлғаларға сияқты, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдану кезінде де әлеуметтік төлем қарастырылмайды. Осылайша, әлеуметтік төлем сомалары, Салық кодексінің 341 бабының  26) тармағына сәйкес, жеке тұлғаның салық салуға жататын кіріс ретінде қарастырылмайды. Сәйкесінше, 42500 теңге көлеміндегі төлемді салықтық есептілігінде көрсетудің қажеті жоқ", - деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, біржолғы әлеуметтік төлем  төтенше жағдай кезінде төленген әлеуметтік төлем сияқты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетінін ескерту қажет.

Сонымен, МӘСҚ қорынан жеке кәсіпкерге тағайындалған және төленген әлеуметтік төлем салықтық есептілікте кіріс ретінде көрсетілмейді, және оның жеке тұлғаның табысы ретінде салық салуға жатпайды. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде тұрғындары 42500 теңге алу үшін бос жұмыс орындарынан бас тартты. Мәжіліс депутаты 42500 теңгені тұрақты түрде төлеуді ұсынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр