Тамара Асар қызын қырқынан шығарып, дүркіретіп той жасады
Жақында ғана ана атанған Тамара Асар қызын қырқынан шығарып, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші тойда салт-дәстүрге сай барлық ғұрыптарды орындады. Қызын 40 қасық суға шомылдырып, қонақтарға "тыштырма" таратты. Сәбиді елдің алдында бесікке салды.
Тойға Мақпал Жүнісовадан бастап, Жеңіс Ысқақова, Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Гүлзира Айдарбекова, Алтынай Жорабаева, Динара Сәтжан, Ғаділбек Жаңай сынды танымал тұлғалар қатысты.

Айта кетейік, өткен демалыста Гүлзира Айдарбекова да күйеуі Нұртас Айдарбековтің туған күніне орай той жасады.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған